Қазақстандық боксшы Иван Дычко 50 миллион теңгеге алданып қалған

Иван Дычко 27 желтоқсан күні Алматыда шаршы алаңға қайта оралады.

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокста қанша табыс тапқанын және бір кездері 50 миллион теңгеге алданып қалғанын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Орташа табысымды нақты айту қиын. Кей жекпе-жектерден нөл табыс таптым, ал кейбірінде 20 мың доллар, 50 мың доллар табыс болды. Бірде маған 100 мың доллар жалақы уәде етті, бірақ ештеңе алған жоқпын. Бұл менің командам да емес еді, ұйымдастырушы тарап алдап кетті. Жекпе-жегімді өткіздім, бірақ ештеңе алмадым. Осындай жағдайлар көп кездеседі. Әр жекпе-жектің өз ерекшелігі бар. Бастапқы бес жекпе-жекке келер болсақ, бір раундқа 1000 доллардан аз табысқа келіспеу керек деп ойлаймын. Бұл кем дегенде жол шығындарын жабуға жеткілікті болуы керек», – дейді ол Қанат Исмаиловпен болған подкастта.

Айта кетейік, боксшы Иван Дычко 27 желтоқсан күні Алматыда шаршы алаңға қайта оралады. Оның қарсыласы – ресейлік Виталий Кудухов (7-2-0, 3КО). Ол ауыр салмақта «Короли Нокаутов Трофи» бүкілресейлік Гран-при жеңімпазы атанып, әлемнің ТОП-150 ауыр салмақтағы боксшы қатарына енген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.