Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.