Гвинея-Бисау президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.