Қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді.

18 желтоқсан күні кешке қарай ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі, яғни БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі аралық жабылды.

Батыс Қазақстан облысы Самара-Шымкент тасжолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі, яғни Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейінгі жолда көлік қозғалысы шектелді.

Жолдарды қайта ашу 19 желтоқсан сағат 06.00-де жоспарланған.