Астанада бір мезетте 30-дан астам жаңажылдық шыршаның шамы жағылды

Елорданың 6 ауданында бүгін 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды, сондай-ақ мұзайдындары, сырғанақтар, жаңажылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы қалашықтар өз жұмысын бастайды.

Бүгін 18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам мерекелік шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Барлық орында көптеген ойын-сауық түрлері ұйымдастырылған: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар.

Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы «Астана Арена» стадионының тұрағында және «Қазақ Елі» монументінің алаңында жағылды. «Астана Арена» стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен және өрнектермен, сары және қызыл реңдегі 2500 ойыншықпен, гирляндалармен және т.б. безендірілген. Шыршаны жағу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, AYREE, балалар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, сырғанақтар, мұзайдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Нұра ауданында бүгін тағы сегіз орында шырша шамы жағылды: орталық саябақта, «Зеленый квартал» ТК скверінде, Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал скверінде, «Сарыарқа», «Керуен Сити», «Азия парк», «Хан Шатыр» және «Айланд» сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында және Сығанақ пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында.

Сарайшық ауданындағы "Қазақ елі" алаңында шырша шамын жағу кезінде қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, балаларға арналған аниматорлар және түрлі ойындар ұйымдастырылды. Келушілер ән айтты, би биледі, сырғанақ пен мұзайдынында көңіл көтерді, фотоаймақтарда естелік үшін суретке түсті. Орналасқан жердің өзінде 2 мұзайдыны, екі сәулесі бар сырғанақ, биіктігі 25 метрлік шырша, шағын архитектуралық нысандар мен жарық-люминациялық пано орнатылған.

Сондай-ақ Сарайшық ауданындағы «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы маңында жаңажылдық шырша жағылды.

Алматы ауданында жаңажылдық шыршалар шамы Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында, Sana Sport Спорт кешенінің аумағында, Рысқұлбеков көшесіндегі «Алма» саябағында, Astana Music Hall (құмыра) маңында және Қошқарбаев даңғылы, 80/1 мекенжайында жағылды.

Есіл ауданында EXPO аумағында 23 метрлік шырша да жарқырап тұр. Шырша 4000-нан астам ойыншықпен безендірілген, олардың ішінде диаметрі 15-тен 40 см-ге дейінгі шарлар, гирляндалар және т.б. бар. Алаңда сырғанақтар мен мұзайдыны бар, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандардың фонында ертегі кейіпкерлерінің жанында суретке түсе алады.

Байқоңыр ауданында бес орында жаңажылдық шыршалар мына орындарда безендірілді: Жастар сарайының аумағы, К.Ататүрік атындағы саябақ, Ж.Тәшенов көшесінде, Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кеменгерұлы көшелерінің қиылысы) және Кирпичный тұрғын алабында (Чехов және Жолымбет көшелерінің қиылысы), «Қоянды» саяжай алабында. Сонымен қатар ауданда Кеншілер, 5 және Досмұхамедұлы, 6 мекенжайлары бойынша бес метрлік екі шырша орнатылды.

Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі алты шыршаның шамы жарқырап тұр. Олар мына мекенжайларда орнатылған: қалалық алаң, Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекеннжайындағы сквер, «Көктал» саябағы, Есіл өзенінің жағасы және Юбилейная көшесі, 22.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың 6 ауданында бүгін 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды, сондай-ақ мұзайдындары, сырғанақтар, жаңажылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы қалашықтар өз жұмысын бастайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.