Екібастұзда жылу құдығынан әйел адамның мәйіті табылды

Мәйіт сараптамаға тапсырылды.

Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше,18 желтоқсан күні М.Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығынан өрт шыққаны туралы шақырту түскен. Өртті сөндіру барысында коллектордан әйелдің мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл деректі 112 қызметкері растады. Мәйіт сараптамаға тапсырылды.

"Екібастұз қалалық Полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.