Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, жұптық сында Жібек Құламбаева және үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд спортшылары Тхасапори Накло/Буньяви Тамчайватпен кездесті. Нәтижесінде, Қазақстан-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Жібек Құламбаева/Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық жұп Рия Бхатия/Зил Дисаимен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.