Жел, тұман, көктайғақ: 20 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

ҚР бүкіл аумағына солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер өз ықпалын сақтайды – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте боран соғып, көктайғақ болса, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.