Алматылықтарды 145 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарық бағасынан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші – Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Бас прокуратура аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарық бағасынан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші – Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

"Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша өз еліне экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.