Танымал футболшы Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды

46 жастағы Самат Смақов Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы.

Танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов "Жетісу" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы "Жетісу" футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Аты аңызға айналған Қазақстанның ең атақты футболшысы: 6 дүркін чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және 4 дүркін Қазақстанның үздік футболшысы: 2004, 2007, 2008, 2009 жылдары. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы – 76 ойын.

Жер жәннаты – Жетісуға қош келдіңіз дей отырып, Сізге сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз! – деп жазды олар әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.