"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандардың айтуынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон әсерінен қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі.
21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады.
Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. Қазақстанның батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.