«Ақтөбе» газетіне – 100 жыл

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірдегі «Ақтөбе» газетінің 100 жылдығына арналған мәдени-ғылыми шараға қатысты.

Сенатор өз сөзінде газет облыс тұрғын­дарына 100 жыл бойы маңызды ақпарат көзі болып келе жатқанын айта келіп, оның тарихи және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

«Ақтөбе» газеті өңірдің мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. Ол – ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар өнер мен театрдағы, музыка мен әдебиеттегі оқиға­лар­дың шежіресін жазып келе жатқан беделді басылым. Газет жергілікті автор­ларға, әртістер мен мәдени бастамаларға бел­сенді түрде қолдау білдіріп келеді. «Ақ­төбе» әрқашан жергілікті билік пен азамат­тар арасындағы алтын көпір болды, адам­дарға пікір білдіруде, сұрақ қоюда және жауап алуда көмек көрсетуді мақсат етті. Қиын кезеңде, экономикалық дағдарыс немесе табиғи апат болсын, газет ақпарат тарату және халықтың ар-намысын асқақ­тату арқылы маңызды қолдау көрсетіп келе­ді», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор шара барысында отандық БАҚ-ты қолдау жөніндегі мемлекеттік реформа­лар туралы да айтты. Ол кейінгі кездегі заң шығару жөніндегі бастамалар мен реформа­лар ел басшылығының ашық, еркін және әділ медиа ортаны құруға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті.

Нұртөре Жүсіп шара соңында бүкіл қазақ­стандық қоғамға ерекше мәні бар маңызды миссия жолындағы әріптестеріне шығармашылық және кәсіби табысқа жетуде тілектестігін білдірді.