Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды,  деп жазады Aikyn.kz.

–  Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, –  делінген хабарламада.

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005-2006 жылдары  Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жылдары   ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары  ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары  ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісімшарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары  «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары  ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары  ҚР өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жылдары  ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

2020-2022 жылдары  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жылдары  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

● сауда саясаты;

● агроөнеркәсіп кешені;

● жер қатынастары;

● ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық.