Елімізде азық-түлікті қай жерден қолжетімді бағаға алуға болады?

Жәрмеңкелерде тұрғындарға көкөністер, жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және басқа да тауарлар нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады.

Қазақстанның әртүрлі қалаларында осы демалыс күндері 20-дан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Жәрмеңкелерде тұрғындарға көкөністер, жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және басқа да тауарлар нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады.

Жәрмеңкелер өтетін мекенжайлар:

Астана

21-22 желтоқсан:

«СоғымFest» жәрмеңкесі, мекенжайы: Н.Тілендиев көшесі, 12а.

Алматы

21-22 желтоқсан:

Гоголь-Масанчи қиылысы (Алмалы ауданы);

«Қазақфильм» ықшамауданы (Бостандық ауданы);

Абай-Өтеген батыр қиылысы (Әуезов ауданы);

Мендіқұлов-Бектұров көшелері (Медеу ауданы).

Шымкент

22 желтоқсан

Нұрсат ықшамауданы, 7/1.

Өскемен

Әр сенбі сайын:

Жібек Жолы көшесі, 474 («Алтай» базары аумағында).

Орал

22 желтоқсан:

Зачаганск елді мекені, Жәңгір хан көшесі, 52Б.

Петропавл

Әр сенбі сайын:

«Алтын Арман», «Дария», «Қызыл Жар-Ақбастау» базарларында.

Түркістан

Әр сенбі және жексенбі:

«Қуаныш», «Алтынбұлақ» базарларында.

Атырау

Әр сенбі, желтоқсанның соңына дейін:

Мұнайшы стадионының алдында, Әуезов көшесі, 28А.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.