Боксшы Сәкен Бибосынов ота жасатты

Бұған дейін ол жауырынынан ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделген болатын.

Боксшы Сәкен Бибосыновтың аяғына ота жасатқаны белгілі болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде сурет жариялап, жауапты сынақтың сәтті өткенін мәлімдеді. 

«Ота сәтті өтті. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес», - деп жазды боксшы.

Белгілі болғандай Бибосынов сол аяғына ота жасатқан. Алайда, оның жарақатына не себеп болғаны әзірге түсініксіз. Бұған дейін ол жауырынынан ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделген болатын.

Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасынан қола жүлде иеленген соң, әлем чемпионатында топ жарды. Алайда, одан кейін Азия ойындары, әлем чемпионаты, Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалды. Жақында ол Таиландта өткен Азия біріншілігінің ширек финалында өзбек боксшысына жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.