Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында патруль полиция батальонының қызметкерлері Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушілері 5 және 6-шағынаудандар арасындағы жол бойында билеп, жол қозғалысы ережелерін бұзған видеоны анықтады.

Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушілеріне жолда билегені үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлік иелеріне қатысты тиісті хаттамалар толтырылған.

Үш көлік те қамау алаңына жеткізілді.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.