Ресейде коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша жедел штабы бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 11 дерегі анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. "Соңғы тәулікте Ресейде Федерация азаматтарының коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 дерегі тіркелді: бесеуі - Мәскеуде, біреуі - Мәскеу облысында, үшеуі - Санкт-Петербургте, біреуі - Ленинград облысында, біреуі - Пермь өлкесінде", - делінген хабарламада.
Азаматтар инфекциялық бокстерге орналастырылған. Көрші елде жалпы 45 адам инфекция жұқтырған. Қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.