Атырау қаласында дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Нұрсая ықшамауданында 2013 жылы туған Жасұлан Назарчук 20 желтоқсан күні сағат 10:35-те дүкенге барып келемін деп үйінен шығып кеткен. Бала содан бері із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жоғалған бала үстіне қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяққиім киген.
"Қазір жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне немесе анасының нөмірі 8778 950 28 45 (Наталья) дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз", – делінген полиция хабарламасында.