Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды. Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.
Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған.
Жедел-іздестіру нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласында ұстады. Олар тұрғын үйді жалға алмақ болған. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екені анықталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.