Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатты

Қатарда спортшымыз бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты.

Катарда өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Курманбек Ақжол екі әлемдік рекорд орнатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, бүгін Қатарда спортшымыз бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты: екінші жаттығуда 175 келі көтеріп, қос сайыс қорытындысы бойынша 316 келі көрсеткішке қол жеткізді. Ақжол 3 алтын медаль жеңіп алып, 2024 жылғы Азия чемпионы атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.