Атырауда дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жастағы оқушы табылды

Өзінің айтуынша, бала шатырда түнеген.

Атырауда 11 жастағы бала дүкенге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Жергілікті полицейлер мен еріктілер оны бірнеше күн бойы іздеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен баланың табылғанын растады.

– Жасөспірімнің жоғалуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Өзінің айтуынша, шатырда түнеген, – делінген ПД таратқан ақпаратта.

Баланың неліктен бірнеше күн бойы үйіне оралмағаны әзірге белгісіз. 

Бұған дейін Атырау қаласында дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жастағы бала үш күннен бері табылмай жатқаны жөнінде хабарлаған едік.