Өнер иесі жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазады Aikyn.kz.
Әсел Сәдуақасова ажырасқаннан кейін жеке өмірінде қандай жаңалықтар болып жатқанын әңгімеледі. Өнер иесі әзірге жаңа қарым-қатынас бастауға дайын емес екенін жеткізді.
"Өткен қарым-қатынасқа барынша бір тамшы реніш қалмайтындай қайғырып алған жөн. Басыңнан өткен оқиғадан қашып құтыла алмайсың. Тәуелділік пен жаңа қарым-қатынас та көмектеспейді. Қайғыру жеңілдеудің жалғыз жолы. Содан кейін ғана қарым-қатынасты толығымен жібересің", - деп жазды актриса.
Оған қоса кино жұлдызы жолдасы екеуінің ажырасуына жас айырмашылығы әсер еткені туралы пікірге жауап берді.
"Менің ойымша олай емес. Тіпті жасымызға мән бермедік. Біздегі айырмашылық – көзқарас. Өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі болды. Күн сайын екі түрлі пікір кедергілерді алдымыздан шығара берді. Арты осылай аяқталды", - деді Сәдуақасова.