Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-алаяқтардың хабарламалар жіберуіне байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі күні салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына және әлеуметтік желілерге «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту» деген тақырыппен жағдайлары жалғастырылуда.
МКК қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін ескертеді. ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.
МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электронды үкімет» порталының жеке кабинетіне және E-salyq мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады.
"Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электронды поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады. Осыған байланысты, МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді", - делінген хабарламада.
МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электронды пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.