Ақтаудағы ұшақ апаты: 25 адам аман қалған

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан 25 адам аман қалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

"Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді", - делінген ақпаратта.

Барлығы ТЖД, МӨПС, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтылануда.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында ұшақ құлағаны хабарланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.