Көптеген қиындықтан өттім: Балжан Бидаш 2024 жыл қателіктерге толы болғанын жеткізді

Танымал әнші Балжан Бидаш жаңа жыл қарсаңында оқырмандарына есеп берді.

Десе де, өнер иесі өткен жылға өкпесі жоқ екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Бұл жылы мен көптеген қиындықтардан өттім. Олардың әрқайсысы маған мықты әрі тәжірибелі болуға мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер, қателер мен табыстарға толы жыл болды. Ол мен үшін өсуге жаңа көкжиектерді ашты. Мен өз кәсібімді ашуға шешім қабылдап, әнші ретінде алға қадам жасадым. Бұл шынайы сынақ болды, бірақ мен тоқтамай, алға жылжығаныма мақтанамын”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ қыз-келіншектер қауымын жігерлендіріп, жаңа жылдан жақсы нәрсе күтуге үндеді. 

“Менің айналамда мені шабыттандыратын, қолдайтын және бірге өсіп келе жатқан керемет әйелдер бар. Біз, сөзсіз, барлық күш-жігеріміз бен жетістіктеріміз үшін мақтауға лайықпыз. Біз өзімізді қуанта білуіміз керек, өйткені біз өзіміздің ең жақсы нұсқамыз болу үшін көп нәрсе істеп жатырмыз”, – деді эстрада жұлдызы.