Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қаза тапқан қазақстандықтардың төртеуі – Маңғыстау облысының тұрғыны, біреуі Қостанай облысының тумасы және елорданың бір тұрғыны екенін айтқан болатын.

Олар жайында толық мағлұматты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан азаматтары бойынша ақпарат мынадай:

Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж. Ол да Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тумасы.

Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж. Ол – Ақтау қаласының тұрғыны.

Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж. Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.

Жұмағат Эльдар, 23.08.2013 ж., астаналық тұрғын;

Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж. Қостанай облысында туған, Қарағанды қаласының тұрғыны.