Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың ішінде астаналық нотариус пен оның ұлы болған

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы болған.

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын айтады. Журналист олардың дос екенін және ол 10 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын мәлімдеді.

“Сенгім келмейді, тірі қалды деп ойлаймын. Алла сақтасын! Гауһар екеуіміздің өте көп жоспарымыз бар еді. Кішкентай Эльдар анасының жанында болған”, – деп жазды Санди Сұлтан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.