«Дүниежүзілік сот төрелігі жобасы» (World Justice Project, WJP) халықаралық ұйымы «Заң үстемдігі индексі 2020" (Rule of Law Index) жобасының жыл сайынғы зерттеулерінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы қорытындыларын жариялады. Индекс – зерттеуді қамтитын 128 елдегі құқық үстемдігінің деңгейі туралы мәліметтердің әлемдегі жетекші тәуелсіз дереккөзі. Нәтижелер халық пен сарапшылар арасында сауалнама жүргізу (коммерциялық құқық, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі, еңбек заңнамасы саласындағы мамандар) негізінде қалыптасады. Сауалнамаға қатысушылар заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың тиімділігін 8 бағыт бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік өкілеттікке қатысты шектеу, жемқорлықтық болмауы, ашық үкімет, негізгі құқықтар, құқықтық тәртіп және қауіпсіздік, реттеуші құқық қолдану, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі бойынша бағалайды. Елдің жоғарыда аталған компоненттерінің әрқайсысы 0-ден бастап 1-ге дейінгі межеде сараланады, 1 – заң үстемдігін қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне сәйкес келсе, ал 0 – оның мүлдем жоқ екенін көрсетеді. Қазақстан «Жемқорлықтың болмауы» компоненті бойынша 0,49 балл жинап, бұл зерттеуге қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл зерттеуге қатысқан 128 елдің ішінде 57 орын иеленіп, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 4 орынға көтерілді (126 елдің ішінде 61 орын). Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағының 14 елі арасында еліміз Грузия мен Беларусьтан кейін үшінші орында тұр.