"Диапазон" басылымының мәліметінше, Ақтөбенің 46 жастағы тұрғыны такси жалдап, түнде жол шетіндегі арнайы тұрақтарда тұратын ауыр жүк көліктерін жүргізушілері ұйықтап жатқанда тонап, кейін сатып, пайда табу мақсатында ұрланған тауарды өз саяжайына тасыған. Сотта ер адам жоқшылықтан ұрлыққа барға екен. Ол жалғыз өзі 8 және 15 жастағы екі қызы бар. Оған қоса, анасы қатерлі ісікке шалдыққан. Оны емдеу үшін де қаражат қажет болған.
"Ол таксиге тапсырыс беріп, жол шетінде жүк көліктері аялдайтын арнайы тұраққа барады. Содан кейін жүк көлігі тіркемесі үстіндегі жапқыш тентті тістеуікпен ашып, тауарларды ұрлаған. Ұрланған қораптарды жол бойымен аулағырақ жаяу тасыған, содан соң такси шақырып, саяжайына қайтқан. Ал такси жүргізушілеріне қораптарда "сайманым" деп түсіндірген. Бірде бір "фурадан" ол 16 қорап энергетикалық сусындар, тағы бірінен 20 қорап мотор майын, үшіншісінен кофе машинасына баптауға арналған жиынтықтарды ұрлаған. Кезекті бір ісінде, яғни кондитерлік өнімдер толы қораптарды алып шыққанда ұсталып қала жаздаған. Қашып құтылса, да, такси жүргізушісі олған жағдай жөнінде полицейге хабарлаған", деп жазады басылым.
Ер адамның үйін тінту кезінде марихуана мен оқ-дәрісі бар аңшылық мылтық табылды. Ол бауырының ауырсынуын басу үшін марихуана шегетінін. Ал мылтықты көшеден тауып алып, оны полицияға тапсыруды ойлап жүргенін айтқан.
Сотта ұрланған тауарлардың иелері сотталушыға қатысты шағымы жоқ екенін мәлімдеген. Десе де сот айыпталушыны ұрлық, есірткі мен қару ұстағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.