Ұшақ апаты: Президент ерлік көрсеткен азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент ұшақ апаты кезінде құтқару жұмысына атсалысып, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бірқатар маманды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.