Тоқаевтың тапсырмасымен жас ғалымдарға пәтер берілді

Еліміздің жас ғалымдарын қолдау мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жас зерттеушілерге пәтер берілуде.

Жаңа жыл қарсаңында жас ғалымдарға пәтер берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді.

ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.

Жаңа пәтердің иесі атанған жас ғалымның бірі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қуанбай.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Амангелді 2 бөлмелі жаңа пәтердің иесі атанды. Бүгінде жас зерттеуші бидай дақылдарының потогенттерін анықтау бағытында ғылыми жұмыстармен айналысады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері Ажар Мәлік жаңа пәтердің иесі атанды. Аталған баспана жас зерттеушіге Мемлекет басшысының жас ғалымдарды қолдау тапсырмасы аясында берілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, жас ғалым Олжас Құрманбаевқа пәтер сертификаты табысталды. ҚР Президентінің қолдауымен жас ғалымға берілген су жаңа пәтер 3 бөлмеден тұрады.

Жас ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Жанар Райымбекова баспаналы болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жас зерттеушіге 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.