Жүректің тоқтап қалуы өте көп болады: танымал көріпкел келесі жылға болжам жасады

Танымал көріпкел Жанат Бақыт алдағы жылы адамдардың денсаулығында болатын өзгерістерге болжам жасады.

Ол келесі жылы өлім-жітімнің неден көп болуы мүмкін екені жайында айтты,  – деп хабарлайды Aykin.kz. 

Журналист Асмира Ермекқызына блогер Жанат Бақыт 2025 жылда болатын адамдағы өзгерістер туралы ойын бөлісті.

"Біріншіден гармон жүйесі өзгереді. Адамның клеткасында толықтай жаңару, эндокриндік жүйе, жүйке жүйелерінде өзгеріс болады. Қалқанша без, ішек жолдары толық тазарады. Адамның көзінде өзгеріс болады. Жүрек ауруы болуы мүмкін. Ұйықтап жатып, бірден оянбай қалу, жүректің тоқтап қалуы өте көп болады. Сондықтан менің кеңесім сол жаққа қарап жатуды азайтқан дұрыс», – деді Ж.Бақыт.

Алайда, желідегі оқырманның дені оны жақтыра қойған жоқ.