30 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша 01:14-те Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның ұлттық деректер орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 4 балл. Ал зілзаланың эпицентрі 46 шақырым тереңдікте болған.
«Эпицентрдің координаттары: 41.54 градус солтүстік ендік, 49.98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класс К=10.9. Тереңдігі h=11 шақырым», – деп нақтылады мамандар.