АҚШ-та 9 қаңтар ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден мәлімдеме жасады.

Америка Құрама Штаттарында 2025 жылдың 9 қаңтары АҚШ-тың экс-президенті Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Джо Байденнің мәлімдемесі Ақ үйдің ресми сайтында 29 желтоқсан күні жарияланған.

- 2025 жылдың 9 қаңтарын бүкіл Америка Құрама Штаттарында ұлттық аза тұту күні деп белгілеймін. Америкалықтарды осы күні өздерінің ғибадат орындарына жиналып, президент Джеймс Эрл Картерді еске алу үшін құрмет көрсетуге шақырамын, – деп мәлімдеді Джо Байден.

Сонымен қатар Байден АҚШ туын Ақ үйде және ел билігіндегі барлық мекемелерде, оның ішінде шетелдегі нысандарда да Джемми Картердің қайтыс болған күнінен бастап, 30 күн бойы төмен түсіруді бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.