Ұшақ апатынан қаза тапқан AZAL экипаж мүшелеріне «Ұлт қаһарманы» атағы берілді

Марқұмдарды соңғы сапарға аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.

Ақтау маңында болған апат салдарынан қаза болған Azerbaijan Airlines бортының командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерік Хекума Әлиеваға "Ұлт қаһарманы" атағы берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұндай атақ төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.

Марқұмдарды соңғы сапарға аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.

Оған ел президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева, марқұмдардың туыстары мен жақындары, ресми тұлғалар мен қоғамдық өкілдер қатысты.

Ұлт қаһармандарымен қоштасу рәсіміне халық та көп жиналды.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі Баку-Грозный бағытында ұшқан Embraer 190AR ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде бесеуі экипаж мүшесі.