Ферро қорытудан әлемде алтыншы орында тұрған Қазақстан келер жылы бірден екінші орынға көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Келесі жылы Екібастұз аумағында салынып жатқан үш бірдей зауыт іске қосылады. Олардың екеуі биыл пайдалануға берілуі керек еді. Алайда дәл іргеде тұрған электр қуатын өндіруші станциялар мен коммуникациялық тариф мәселесі нақтыланбағандықтан, кейінге шегерілді.
Дәл қазір ол зауыттар 97-98 пайызға дайын. Үш кәсіпорынның бірі жылына 150 мың тонна, екіншісі 120 мың тонна, ал үшіншісі 100 мың тонна ферро қорытуға қауқарлы.
Қазақстан қазір дүниежүзінде ферроқорытудан алтыншы орында болса, Екібастұздағы зауыттар іске қосылғаннан екінші орынға шығады. Бірінші орын Қытай еншісінде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.