«Ана тілі» газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарық көреді

2025 жылғы 3 қаңтарда «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді.

2025 жылғы 3 қаңтарда «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
 
"Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды", – деп жазды ол.
 
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.