"947 миллион теңге жымқырған": қазақстандық Дубайда ұсталды

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды.

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лардың бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.