1 қаңтардан бастап кімдер банкроттыққа өтініш бере алады?

Өтінішті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн беруге болады.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл мүмкіндікті банк, микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бар жеке тұлғалар қолдануға құқылы, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәселен, жыл басынан бері Алматыда банкрот деп тану үшін тұрғындардан 6 500-ден астам өтініш түскен. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, талапқа сай келмеген 4 200 азаматтың өтініші мақұлданбаған.

– Тек 737 жеке тұлға сот шешімімен "банкрот" деп танылды. Әлі де мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Мамандардың сөзінше, қарыз алушыға бірнеше талап қойылады, – деп жазады qazaqstan.tv.

Егер сол шарттарға сай келсе, жеке тұлға банкрот деп танылады. Өтінішті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн беруге болады.

"Азамат банкрот болса, оның салдары бар. Біріншіден, екінші деңгейлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қатарынан несие ала алмайды. Екінші жағдай – бұл жерде 7 жыл, келесі банкроттық 7 жылдан кейін қолданылады. Одан кейін үшінші мәселе – банкрот болғаннан кейін 3 жыл қатарынан мүлік алып жатса, оған бақылау жүргізіледі. eGov платформасы арқылы немесе e-Gov mobile қосымшалары арқылы өтініш бере алады",  – деді Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каипов.