Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Ақорда.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.