Жаңа жылда жейтін оливье салатының пайдасы мен зияны қандай?

Оливье салатының тарихы ертегіге ұқсайды.

Жаңа жылда дастарқаннан табылатын оливье салатын француз аспазы Люсьен Оливер ойлап тапқан,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оливье салатының тарихы ертегіге ұқсайды. Салат бастапқыда сиыр тілінен әзірленген, - деп жазады wi-fi.ru. Басылымның мәліметінше, 1860 жылы француз аспазы Люсьен Оливер Мәскеудегі танымал мейрамханада жұмыс істейтін ағасына көмектесуге келген. Оның шеберлігін байқағандар Оливерді "Эрмитаж" мейрамханасының бас аспазы болуға шақырады. Талантты маман қайталанбас рецепттер ойлап тауып, тапсырыс берген компаниялардың бірі үшін майонез қосылған салатты ұсынған. Оның құрамына сиырдың тілі, уылдырық, сорпадан алынған желе, каперс пен майонез кірген.

Салат қонақтарға аса ұнамаған. Дегенмен олар ертесіне қайта келіп, ингредиенттерді ұсақтап, төртбұрышты етіп турап, міндетті түрде майонезбен араластыруын өтінген. Осыдан кейін тұрғындар ерекше салаттың дәмін татып көру үшін мейрамханаға келетін болған. 

Люсьен Оливер қайтыс болғаннан кейін бұл рецепт ұмытылып кеткен. Алайда ақпарат құпия ретінде сақталып, салатты тек "Москва" мейрамханасында әзірлеген. КСРО кезеңінде салаттың бастапқы құрамындағы заттарды табу мүмкін болмағандықтан, рецепт көпшілікке қолжетімді азық-түлік түрлеріне ауысқан көрінеді. 

Оливье салатының пайдасы мен зияны

Мұның бәрі нақты рецептке, композициядағы ингредиенттерге және жейтін порция санына байланысты болып келеді. Орташа алғанда, порцияда шамамен 200 калория бар.

Оливье көкөніс құрамдас бөлігі тұрғысынан витаминдер мен ақуызға бай. Салат денені витаминдермен қанықтырады.

Жұмыртқа мен тауық еті - ақуыздың қайнар көзі. Қияр композициядағы талшыққа жауапты, ал маринадталған қияр су-тұз балансын қалпына келтіреді. Бұршақ – өсімдік ақуызы, сәбіз А дәруменіне бай.

Мұнда ағзаға зиянды нәрсе – майонез, оның құрамы ұйқы безіне нашар әсер етеді. 

Классикалық оливьеде 170 мг холестерин бар. Дені сау адамның күнделікті қажеттілігі – 300 мг. 

Оливьені қалай пайдалы етіп дайындауға болады?

Ең қарапайым және ең маңыздысы – зиянды ингредиенттерді пайдалы заттармен ауыстырыңыз. Майонезді алып тастап, грек немесе табиғи йогуртты қолданған жөн. Сондай-ақ шұжықты тауық, балық, краб, тунец, етпен ауыстыру ұсынылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.