Әнші, «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев 50 жасқа толды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әншіні өнердегі әріптестері мерейтойымен жарыса құттықтады. Өнер иесі туған күніне қатысты жазба жариялап, атаулы күнді анасымен бірге қарсы алғанын айтты.
«31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні кірген қасиетті Ережеп айында, 2024 жылдан 2025 жылға қадам басар жаңа жыл кезінде 50 жасқа келіп қалыппын! 50 жыл бұрын анашым аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, қалжа жеген күнінде қасында болайын деп ауылға келгем. Барлығы баянды болсын, барша Қазақ елі! Қиындықтар артта қалып, алдағы қалған өміріміз хайырлы, берекелі болсын. Алла Тағала бұл жалғанның жамандығынан, қияметтің қиындығынан, ақыреттің азабынан сақтағай. Қазақстанымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын. Жаңа жыл жақсылығымен жетсін, жақындарым! Құшақтадым!», - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.