Жаңа жыл түні Қазақстан перзентханаларында 181 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 105 ұл бала, 76 қыз бала және бір егіз бар. Егіздер Маңғыстау облысында дүниеге келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа жыл түнінде туған ең көп нәресте Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби.
Екінші орында Алматы қаласы мен Алматы облысы тұр, мұнда әрқайсысында 17 нәресте дүниеге келген.
Үшінші орын Шымкент қаласына тиесілі, онда 16 отбасы жаңа өмірдің қуанышымен бөлісті.
Астанада 10 сәби дүниеге келді. Мұнда былтырғы Жаңа жыл түнінде де осынша сәби дүние есігін ашқан болатын.