Румыния мен Болгария Шенген аумағына ресми түрде қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сәт шекаралық бекетте ерекше салтанатпен атап өтілді. Рәсімге екі елдің Ішкі істер министрлері қатысты. Осылайша, Шенген аумағының 450 млн-ға жуық азаматына Болгария мен Румыния тұрғындары да қосылды.
Негізі, бұл үдеріс өте ұзақ жүрген. Болгария мен Румыния Еуроодаққа 18 жыл бұрын енген еді. Бірақ бастапқы 6 айда шекара бойынша ара-тұра тексеріп жүргізіліп тұрмақ. Бұл қылмыстық топтардың жолын кесу үшін қажет.