Шымкентте 7 адам өрттен құтқарылды

2-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. 

Шымкентте 2025 жылғы 2 қаңтарда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға әл-Фараби ауданында Анарова көшесіндегі алты қабатты тұрғын үйде болған. Онда 2-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. 

"Жедел келген өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 7 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда",  – делінген құтқарушылар ақпаратында.