"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес ауа райының нашарлауына байланысты (тұман, бұрқасын, көктайғақ) 5 облыста көлік қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында автокөліктің барлық түрлері үшін және республикалық маңызы бар автожолдардың жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысы жабылды.
Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.