Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Хромтау ауданында жергілікті маңызы бар автожолда ішінде адамдары бар екі Газель автокөлігі қар құрсауында қалды.
Құтқарушылар 11 адамды, оның iшiнде 5 баланы Хромтау қаласындағы «Далэс» кемпингiне жеткiздi. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
"Төтенше жағдай қызметкерлеріне көп рахмет. Жаңа біз бала-шағамызбен барлығымыз тоңып қалғанда, шақырғанда келіп, міне, жылыту орындарына алып келді. Көп рақмет", – деді құтқарылған азаматша.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.