3 қаңтар күні ауа райы қандай болады?

Еліміздің батысы мен шығысында қар жауады.

Еліміздің басым бөлігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, оңтүстік пен батыста желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Олардың мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман басып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады. 

Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болжанады. 

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.