Димаш Құдайберген қытайлық әншіге «Қараторғай» әнін орындауды үйретті

Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Жер ғибадатханасында қытай әншісімен өнер көрсетті.

Dimashnews.com ресми сайты жариялағандай, Димаш Құдайберген Қытайдың BRTV телеарнасының «最美中轴线 Singing for the Central Axis of Beijing» жобасы аясында Бейжіңдегі Жер храмына барған. Сол жерде Димаш қытайлық әнші Гонг Линнамен бірге «我们的歌 Наша песня» / «Біздің ән» жобасында «成为诗人 Стань поэтом» әнімен өнер көрсетті.

Саябаққа экскурсия жасау барысында музыканттар көрікті жерлерді аралап, жергілікті базардан дәм татып, түрлі елдердің өнімдерінің көрмелерін аралап, мәдениет пен шығармашылыққа қатысты түрлі мәселелерді талқылауға қатысты. Әңгіме барысында Димаш пен Гун Линна бір-бірімен сыйлықтар алмасты.

Димаш әншіге домбыра сыйлап, аспаптың шығу тарихымен бөлісті.

– Бұрын домбыраның ішек саны әлдеқайда көп болатын. Тарихқа көз жүгіртсек, баяғыда бір ханның жалғыз ұлы қайтыс болыпты. Ұлының өлімі туралы қайғылы хабарды жеткізуге қол астындағылардың ешқайсысының батылы жетпепті. Сайып келгенде, ұлының өлімін домбыра арқылы естіртіпті. Барлығының ханға ұлының өлімін естіртуге қорыққан себебі хан: «Баламды көптен бері таба алмай жүрмін. Кімде-кім маған қайғылы хабарды жеткізер болса, соның көмейіне қорғасын құямын» деген екен. Осылайша домбыра адам өмірін сақтап қалыпты, – деп атап өтті Димаш Құдайберген.

Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде Димаштың домбырада ойнап, Гун Линнаның ән шырқауымен бірігіп «Jasmin» әнінің фрагменті орындалды. Сондай-ақ, жүргізушілердің сұрауы бойынша Димаш «Қараторғай» әнінің үзіндісін орындады. Экскурсиядан кейін Димаш Құдайберген қытайлық әншінің «Қараторғай» әнінің қазақша мәтінін үйретіп, меңгеріп алуына қолдау көрсетті.

Бейжіңнің көрікті жерлерімен танысуды жалғастырған Димаш пен Гонг Линна «Театр храма Чжэн-И» театрында болды. Чжэнъи храм театры 1688 жылы Цин Дайнасти династиясының императоры Канси тұсында будда ғибадатханасының орнына салынған. Бейжің Чжэнъичи опера театры Бейжіңдегі «төрт ұлы опера театрының» бірі болып саналады. Қазіргі уақытта театрда Пекин операсы қойылуда.