Абай облысында қыс мезгілі тек жүргізушілер үшін емес, тәулік бойы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полицейлерге де үлкен сын.
Жыл басынан бері полицейлер 75-тен астам көлікті, оның ішінде жеңіл көліктерді, жүк көліктерін және автобустарды қар құрсауынан құтқарды. бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Әрбір құтқару операциясы — патрульдік қызметкерлердің үйлесімді жұмысының, арнайы техниканың қолданылуының және жүргізушілердің көмегінің нәтижесі. Көп жағдайда полицейлер қолдарына күрек алып, жолды тазалап, көлікті қауіпсіз жерге шығарады.